Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

130000, Қазақстан Республикасы, 
Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
3 ш/а  26 үй

Телефон: +7 (7292) 500-422

Сенім телефоны +7 (7292) 500-422

Тіркеу бөлімі: +7 (775) 423 93 62

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шарты №44 ( «13» сәуір 2023 ж.)

13.04.2023

Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шарты №44

 

    Ақтау қ.                             «13» сәуір 2023 ж.

Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны атынан 2017 жылғы  24 сәуірдегі    № 44 ж/қ бұйрығы негізінде әрекет ететін директордың м.а Лаврова Т.А., бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ЖК «Мангистау Фарм KZ» атынан директор Ешмуханбетова Б.У. 2021 жылдың 24 қазанындағы №21/09/30-02 сенімхат негізінде әрекет ететін екінші тараптан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар), №04 "06" сәуір 2023 жылы көрсету сатып алу бойынша бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілмен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде осы Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартты/Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер

      1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:

      1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ Шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      2) Шарттың сомасы – Тапсырыс берушінің Өнім берушіге Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төлеуі тиіс сома;

      3) тауарлар – Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарттың талаптарына сәйкес беруі тиіс дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар және ілеспе көрсетілетін қызметтер;

      4) ілеспе көрсетілетін қызметтер – тасымалдау және сақтандыру сияқты тауарларды беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер және Өнім берушінің Шартты орындауға бағытталған басқа да міндеттерін қамтитын, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту және басқа да қосалқы көрсетілетін қызметтер;

      5) Тапсырыс беруші – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер көрсететін әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілері;

      6) Өнім беруші – Тапсырыс берушімен жасалған сатып алу туралы Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін және Шарт талаптарында көрсетілген тауарларды беруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Өнім беруші тауарды Шарттың талаптарына сәйкес, осы Шартқа қосымшаларда айқындалған мөлшерде және сапада беруге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.

      3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;

      3) техникалық ерекшелік;

      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша егер тендерлік құжаттамада немесе Қағидаларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделсе көрсетіледі).

3-тарау. Шарттың бағасы және төлемі

      4. Шарттың бағасы  10 600,00 теңгені (он мың алты жүз) құрайды және Өнім берушінің оның тендерлік өтінімінде көрсеткен бағасына сәйкес келеді.

      5. Өнім берушіге берілген тауарлар үшін ақы төлеу мынадай шарттарда жүргізіледі:

     Төлем нысаны: қолма-қол ақшасыз, Жеткізушінің есеп айырысу шотына аудару арқылы.

     Төлем нысаны: қолма-қол ақшасыз, Жеткізушінің есеп айырысу шотына аудару арқылы.

    Төлем мерзімі: осы Шарттың 6-тармағында көрсетілген тауарлардың және құжаттардың тиісті партиясы жеткізілген күннен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күн ішінде.

      6. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:

      1) шарттың көшірмесі немесе Өнім беруші ұсынатын және оның мәртебесін растайтын өзге де құжаттар

      өндірушінің, ресми дистрибьютордың не өндірушінің ресми өкілінің;

      2) шот-фактура немесе қабылдау-беру актісі.

4-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары

      7. Шарт шеңберінде берілетін тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      8. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, модельдердің, үлгілердің немесе ақпараттың мазмұнын ешкімге ашпауға тиіс.

      Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.

      9. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда аталған қандай да бір құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға тиіс.

      10. Өнім беруші тауарларды соңғы межелі пунктіне тасымалдау кезінде олардың бүлінуінен немесе бүлінуінен алдын алатын орауды қамтамасыз етуге тиіс.

      Қаптама қандай да бір шектеусіз қарқынды көтеру-тасымалдау өңдеуіне және тасымалдау кезінде экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуі тиіс.

      Буып-түйілген жәшіктердің габариттерін және олардың салмағын айқындау кезінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстығын және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуын ескеру қажет.

      11. Жәшіктерді буып-түю және таңбалау, сондай-ақ оның ішіндегі және сыртындағы құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес келуі тиіс.

      12. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын тауарлар тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      13. Өнім беруші тауарларды тендерлік құжаттамаға қосымшада көрсетілген межелі пунктке дейін жеткізуге тиіс. Бұл тауарларды межелі пунктке дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал осыған байланысты шығыстар Шарттың бағасына енгізіледі.

5 тарау. Медициналық техниканы беру және қабылдау ерекшеліктері

      14. Берілетін медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету орнатылғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 37 (отыз жеті) ай ішінде жарамды, осы кезең ішінде кепілдікті сервистік қызмет көрсету құны Шарттың бағасына енгізілген және өзіне регламенттік және жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ бұл ретте дайындаушы зауыт өндірген пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен тораптарды қамтиды. Бұл ретте кепілді сервистік қызмет көрсету медициналық техниканың тораптары мен жинақтауыштарының сынуы, жөнделуі, ауыстырылуы себебінен тоқтап тұру кезеңіне мөлшерлес мерзімге ұзартылады немесе Тапсырыс берушіге көрсетілген кезеңге Өнім беруші осыған ұқсас жұмыс істейтін медициналық техниканы ұсынады.

      15. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді ұсынуы тиіс.

      16. Ілеспе қызметтердің бағасы Шарттың бағасына кіреді.

      17. Тапсырыс беруші Өнім берушіден Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші Өнім берушіден сатып алу үшін таңдай алатын және кепілдік мерзімі өткеннен кейін оларды пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын ұсынуды талап ете алады.

      18. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді өндіруді тоқтатқан жағдайда:

      а) Тапсырыс берушіге қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауы;

      б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтатылғаннан кейін Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге жоспарларды, сызбаларды және техникалық құжаттаманы тегін беруі тиіс.

      19. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген тауарлардың:

      1) егер шартта өзгеше көзделмесе, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін жаңа, пайдаланылмаған, ең жаңа не сериялық модельдер болып табылатынына;

      2) Тапсырыс берушінің елі үшін әдеттегі жағдайларда берілген тауарларды қалыпты пайдалану кезінде конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты ақаулары болмайтынына кепілдік береді.

      20. Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақаулар пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі олқылықтары үшін жауапты болмайды.

      21. Бұл кепілдік тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін нақты жағдайға байланысты жеткізгеннен және оларды Шартта көрсетілген соңғы межелі пунктте қабылдағаннан кейін ______ күн ішінде жарамды (кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін).

      22. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

      23. Тауардың істен шығуы туралы хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші хабарламаны алған кезден бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан аспайтын мерзімде болжамды жөндеудің себептерін, мерзімдерін айқындау үшін білікті маманның жергілікті жерге шығуын қамтамасыз етуге тиіс. Өнім беруші дайындаушы зауыт өндірген қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдалана отырып жөндеу немесе Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз ақаулы тауарды немесе оның бөлігін ауыстыруды бір ай ішінде жүргізуге тиіс.

      24. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, бір ай ішінде ақауды(ларды) түзетпесе, Тапсырыс беруші Өнім берушінің есебінен және Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иелене алатын басқа құқықтарына қандай да бір залалсыз ақауларды түзету бойынша қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

      25. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарт құжаттарына ешқандай ауытқуларға немесе өзгерістерге (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеп-жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе Өнім беруші ұсынатын қызметтер және өзгелер) жол берілмейді.

      26. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда шарттың бағасы немесе беру графигі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      27. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да бермеуге тиіс.

      28. Тауарларды беруді және қызметтерді көрсетуді Өнім беруші баға кестесінде көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

      29. Өнім беруші тарапынан жеткізілімді орындауды кешіктіру Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалуға және тұрақсыздық айыбын төлеуге алып келеді.

      30. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші кез келген сәтте тауарларды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге кідіріс фактісі, оның болжамды ұзақтығы және себебі (себептері) туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және бюджеттік бағдарлама әкімшісімен келісім бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады. Мұндай жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шартқа түзетулер енгізу арқылы ратификациялауға тиіс.

      31. Форс-мажор жағдайларды қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімдерде бере алмаса, Тапсырыс беруші Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, Шарттың бағасынан жеткіліксіз берілген немесе мерзімі бұзылып берілген тауар сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегереді.

      32. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайлардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шарттың талаптарын орындамауына байланысты оны бұзуға жауапты болмайды.

      33. Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптың жаңсақтығына немесе салғырттығына байланысты емес және бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеген жағдайда, Тараптардың кез келгенінің бақылауына бағынбайтын күтпеген сипатқа ие (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) оқиғаны білдіреді.

      34. Форс-мажор жағдайлар туындаған кезде, олар туындаған Тарап екінші Тарапқа осындай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және форс-мажор жағдайлар туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың туындағанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажор жағдайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажор жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес ұзартылады. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.

      35. Егер форс-мажор жағдайлар күнтізбелік бір айдан астам уақытқа созылса, Тараптар бұл туралы жазбаша келісім жасасу жолымен Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты берілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді.

      36. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және егер Шартты бұзу зиян келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.

      37. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс.

      Шарт осындай жағдайларға байланысты күшін жойған кезде Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс.

      38. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      39. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ осы Шартты жасасуға немесе тоқтатуға байланысты Тараптар мен олардың қызметкерлері және Тараптарға белгілі болғандай, олардың үлестес тұлғалары, агенттері, өкілдері, делдалдары және (немесе) қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) Қазақстан Республикасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзатын не бұзуға ықпал ететін әрекеттерді жасамайды, оларды жасауға ынталандырмайды, сондай-ақ Шартқа қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтайды деп сендіреді.

7-тарау. Құпиялылық

      40. Шарттың қолданысының нәтижесінде бір Тараптың екінші Тарап үшін ұсынған ақпараты Шарттың уақыты біткеннен кейін немесе бұзғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін құпия болып табылады, мынадай жағдайлардан басқа, егер ақпарат:

      1) ашу кезінде жұртшылықтың қолы жетімді;

      2) жария етілгеннен кейін екінші Тарапқа жария етуші Тарап Шартты жариялау жолымен немесе өзгеше түрде бұзбай (мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша ұсыну жолымен) жария пайдалануға түссе;

      3) басқа Тарап ашу кезінде Тараптардың иелігінде болып және осындай Тараптан тікелей немесе жанама алынбаса;

      4) үшінші тараптан алынды, алайда мұндай ақпарат құпиялылықты кепілдендіретін Тараптан тікелей немесе жанама ұсынылмаса;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сотқа, мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларына ұсынылса құпия болып табылмайды.

      41. Шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін растайтын Тарап осындай міндеттемелерді бұзуды белгілеген жағдайда өзіне дәлелдеу ауыртпалығын жүктейді.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      42. Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер Шарттың екінші тарабы шетелдік ұйым болып табылған жағдайда, екінші данасы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тілге аударылуы мүмкін. Шартты сот тәртібімен қарау қажет болған жағдайда шарттың қазақ немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Тараптар алмасатын Шартқа қатысты барлық хат алмасу және басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      43. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасы беріле отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

      44. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болатынына байланысты күшіне енеді.

      45. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      46. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

      45. Осы Шарт Тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және 2023 жылдың 31 желтоқсанға дейін күшін сақтайды.

      47. Осы тауарды сатып алу Шарты Тапсырыс берушінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасына, Өнім берушінің тендерлік өтініміне және тендер қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс.

9-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

 

Тапсырыс беруші:

ГКП на ПХВ «Мангистауский областной кожно-венерологический диспансер» 

РНН  430 600 037 891                                                                                
ИИК  KZ358560000000091610

БИН   930 540 000 417

БИК   KCJBKZKX

АО «Банк Центр Кредит » в г Актау

КР, Мангыстауской области,130000, г Актау 3 мкр 26 дом. 

Телефон  8/7292/50-14-33, 50-87-40

 

И.о директора

___________________ Лаврова Т.А. 

  МП

 

ПОСТАВЩИК:

 

ЖК «Мангистау Фарм KZ»

РНН: 430600069898

БИН: 990241009347

Р/С:   KZ86914082203KZ017V1

АҚ «Сбербанк»                       

БИК SABRKZKA

Кбе: 17

РК, Мангистауская область, город Актау, микрорайон 26, здание 66

Тел бухг: 8(7292) 20-34-94 вн  (102) 

               + 7 775 069 12 29 Айман

E-mail адрес:      a.ashimova@medservice.kz

Директор  ____________________Кончина Н.В.

 

 


 

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте