Этические правила
1. Емделушіге қызмет ету:
- диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, тұрғындарға мамандандырылған сапалы медициналық көмек көрсету;
- уақытылы жасалған ерте диагностика;
- тері аурулары және ЖЖТИ-мен ауырған науқастарды тиімді емдеу;
- емделу үдерісінде емделушілер мен олардың отбасыларын әріптес ретінде қабылдау;
- емделушілердің ауруының сипаты, диагностикасы және оның емделуі жайлы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- бізге көмек алуға жүгінгендердің әрқайсысының алдындағы жауапкершілікті сезіну;
- ұсынылатын медициналық көмектің нәтижелілігі; аурудың алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалтудың барынша жақсы нәтижелеріне бағдарлай отырып, әрбір емделуші үшін оңтайлы шешім жолдарын іздестіру;
- қан алудан бастап күрделі ем шараларына дейін жүргізілетін кез келген процедураларды орындау барысындағы емделуші мен қызметшілердің қауіпсіздігі;
- клиникада болған уақытының барлық кезеңдерінде диагностикалау, емдеу және оңалту технологиялардың, сызбалары мен стандарттардың тиімділігі.
2. Сапалы қызмет көрсету жолын ұстанушылық:
- көрсетілетін қызметтің мінсіз болуына үздіксіз ұмтылу;
- сапаны қамтамасыз ететін төмендегідей барлық процедураларды үнемі жетілдіру: кәсіби шеберлік, қызмет көрсету сапасы, технологиялардың шеберлігі, менеджмент сапасы;
- қызмет және стандарт сапасына, емделушілердің қанағаттануына қатысты өлшемдер, мониторинг және есептілік.
3. Командалық жұмыс:
- әріптестік, әрқайсысының белсенді қатысуы, сондай-ақ жеке бастамашылықты ынталандыру рухындағы бірлескен жұмыс;
- пациенттерді емдеуде сабақтастық ұстанымын жүзеге асыру;
- әрбір қызметшінің кәсіби тұрғыда дамуына тұрақты қызығушылық таныту;
- диспансер ұжымы тарапынан әріптестермен және басқа қоғамдық мекемелермен тығыз жұмысшы қатынасын қалыптастыру және қолдау.
4. Әлеуметтік жауапкершілік:
- адамның игілігіне жұмыс істеу;
- тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту, олардың өмір сүру сапасын арттыру;
- қоғам талабының өзгеруіне қарай өзгеруге ұмтылу.
5. Қаржы және бақылау:
- диспансер жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, осы миссияны тікелей қолдайтын мақсатқа жетуіне септігін тигізетін жобаларды іріктеу және қаржыландыруға жүйелі тәсілдемені жүзеге асыру;
- диспансердің бүгінгі мұқтаждығы мен қажеттілігі есептеп, баю үшін емес, бірақ жеткілікті деңгейдегі қаржылық қайтарымды қамтамасыз ете отырып жұмыс істеу;
- материалдық емес ресурстарды тиімді пайдалануды қоса есептегенде жоғары нәтижелілікке қол жеткізу;
- ресурстарды пайдалану бойынша ұйымның барлық деңгейіндегі есептілігі.