Қызметтер
Біздің көрсететін қызметтеріміз:
Дерматовенерология: дәрігердің консультациясы, стационарлық емделу
Зертхана: Вассерман реакциясы Микрореакция ИФТ: Қарапайым ұшық вирусы (ҚҰВ), цитомегаловирус, токсоплазмоз, хламидиоз, уреаплазмоз, микоплазмоз, трихомониаз. ЖҚБИ-дағы (жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялар: хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, трихомониаз, соз, гарднереллез, қарапайым соз вирусы, кандидоз) ПТР. Қолмен алу әдісі арқылы қанның жалпы талдамасы, демодекозға талдама, қышымаға талдама, зең ауруына бактериологиялық талдама, соз, трихоманиаз және ашытқы сағырауқұлақшасы ауруларын анықтау үшін жағындыны зерттеу.
Процедуралық кабинет: Біздің ұйымдағы процедуралық кабинет – бұл білікті медициналық көмек көрсетудегі қарапайым ғана маңызды бөлім емес, сондай-ақ ол Нөмірі Екінші медициналық кабинет болып табылады, себебі талдамаларды жинақтаусыз, оларды зерттемейінше маман дәрігермен анықталған аурудың нақты диагнозын растау мүмкін емес. Біздің диспансердің өз зертханасы барын ескеретін болсақ, онда процедуралық кабинет біздің емдеу мекемесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Процедуралық кабинетте жүргізілетін манипуляциялар:
1. Тамыр мен саусақтан қан алу
2. Бұлшықетішілік дәрі егу
3. Тамырішілік дәрі егу және тамырішілік инфузиялар
Физиокабинет: тері ауруларын емдеуде қолдануға арналған заманауи аппаратурамен жабдықталған.
УКС кабина: (Төмендегідей дерматоздарды емдеу үшін Германияның Waldmann фирмасында әзірленген UV 7002B заманауи ультракүлгін кабина пайдаланылады)