Тарихы
Диспансер алғашқы рет 1968 жылы 25 керует орынға шақталып Маңғышлақ облысы Новый-Узень қаласында ашылған болатын. Алғашқы бас дәрігері - Шапқанов Мақсат. 1969 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта бас дәрігер болып КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі Замаренова Людмила Михайловна жұмыс істеген. 1985-1987 жылдар аралығында тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері болып Борзов Сергей Васильевичістеген. 1987 жылдың мамыр айынан бастап бүгінге дейін Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансерін жоғары санатты дәрігер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі Күнтуғанов Жақсыбек Күнтуғанұлы басқарады. Денсаулық сақтау саласының оңтайландырылуына байланысты МОТВД 1993 жылдан бастап облыс орталығы Ақтау қаласына көшірілді. Керует саны тәулік бойы емделу үшін 40 керуетке, күндізгі уақытта емделу үшін 20 керуетке қысқартылды. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап 05.02. күнгі № 00437DE лицензиясына сәйкес меншік түрі Шаруашылықты Жүргізу Құқығындағы Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорыны (ШЖҚ МКК) болып қайта құрылды. 2013 жылдан бастап Маңғыстау облысының ересек және жас тұрғындарына дерматовенерология мамандығы бойынша төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді: жедел медициналық, зертханалық (бактериологиялық, серологиялық, жалпы клиникалық, ПТР, ИФТ диагностика), амбулаториялық-емханалық, стационарлық, сарапшылық, физиотерапевтік медициналық көмек.