Диспансердің қызметі
· Амбулаториялық және стационарлық жағдайда тиімді медициналық технологияларды
қолданып және тері, венерологиялық және басқа жыныс жолдары арқылы таралатын
аурулармен ауыратын науқастармен жұмыста диспансерлік ұстанымды сақтай отырып,
әкімшілік аймақтың тұрғындарға жоғары білікті мамандандырылған кеңес
беру-диагностикалық және емдеу-профилактикалық дерматовенерологиялық көмек
көрсету.
· Дерматовенерологиялық қызмет
әрекетінің барлық түрлерінің мақсатты бағдарламаларын әзірлеу, жоспарлау
· Мемсанэпидембақылау орталығымен
бірлесе отырып, жыныс жолдары арқылы таралатын аурулар мен жұқпалы тері
ауруларына эпидемиологиялық бақылау жүргізу.
· Тұрғындардың жыныс
жолдары арқылы таралатын аурулармен, дерматозбен және жұқпалы тері ауруларымен
науқастануы кезінде оларға кеңес беру, диагностикалық, емдік және
профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы
субъектісі емдеу-профилактикалық мекемелері қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік
жетекшілік ету.
· Диспансер құзіреті
аумағында Қазақстан Республикасы субъектісі емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі
емдеу-профилактикалық үдерістің сапасына бақылау жасау.
· Жыныс жолдары арқылы таралатын
аурулардың, жұқпалы тері аурулары және дерматоздың таралуын ескерту
бойынша мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге қатынасу.
· Тері-венерологиялық
мекеме тәжірибесіне жұмысты ұйымдастырудың, жыныс жолдары арқылы таралатын
аурулардың, дерматоздың алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи
технологияларын енгізу.
· Медициналық алдын алу
орталықтарымен бірлдесе отырып, жыныс жолдары арқылы таралатын аурулар мен
жұқпалы тері ауруларының алдын алу, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын
насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
·
Диспансер құзіретіне енетін
мәселелер бойынша симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б.
ұйымдастыру және өткізу.