Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамымыз өмірінің сан алуан салаларында болып жатқан ұтымды өзгерістердің бастауы. Ата заң мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар көзіне айналды.
Мемлекетіміздің басты байлығы – адамдар, олардың мәнді де мағыналы өмірі. Елдегі жасалып жатқан барлық жақсылықтар барша жұрттың игілігіне арналған. Сондықтан, Қазақстанның жер жаһанға танымал болып, мәртебесінің өсуі, күш қуатының артуы – барлығымыз үшін ең басты мұрат.
Шаңырақтарыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз
Құрметпен, Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ұжымы!