«Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы № 70 Бұйрығына сәйкес бос мемлекеттік кәсіпорын басшылары қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры;
1. Конкурстың өткізілетін күні мен орны: баспасөзде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн өткеннен кейін, Ақтау қаласы 3 ш/а 100 ғимараты, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 212 кабинетінде, сағат 15.00 де өтеді.
2. Кәсіпорынның атауы, мекен-жайы,телефоны:
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорыны – 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3шағын аудан, 26 ғимарат, тел. 87292 60-78-00; 87292 50-14-33;
3. Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» –денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыру, азаматтардың ауруларын диагностикалау мен емдеу, облыс тұрғындарына мамандандырылған, тиімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, азаматтардың денсаулығын нығайту;
4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
4.1. Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;
денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
4.2. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
5. Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға құжат көшірмелерін a.telegenova@mangystau.gov.kz электрондық поштасына жолдай алады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2 тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;
2) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.
6. Құжаттарды қабылдау орны - Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 215 кабинеті, 130000, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, 100 ғимарат, a.telegenova@mangystau.gov.kz Құжаттың түпнұсқаларын әңгімелесуге 1 сағат қалғанға дейін тапсыру қажет, тел. 87292 30-20-59.