Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

130000, Қазақстан Республикасы, 
Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
3 ш/а  26 үй

Телефон: +7 (7292) 500-422

Сенім телефоны +7 (7292) 500-422

Тіркеу бөлімі: +7 (775) 423 93 62

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

ЖЖТИ: Жиі қойылатын сұрақтар

18.09.2017

ЖЖТИ — бұл жыныс жолдары арқылы таралатын инфекция (ағыл. Sexually Transmitted Diseases (STD)) — бұл терминдердің астарында жұқпалы аурулар деген түсінік жатыр.

1. Кімдер венерологиялық ауруларға шалдыққыш?

Жыныстық қатынасқа түсетін адамын жиі алмастыратын және жыныстық қатынас кезінде қорғаныс құралдарын пайдаланбайтын адамдар венерологиялық аурулармен жиірек ауырады (мүшеқаптар).

2. Венерологиялық аурулар мен ЖЖТИ арасындағы айырмашылық қандай?

Венерологиялық ауруларға мерез, соз ауруларын, сондай-ақ тропикалық елдерде кездесетін таралуы жағынан негізінен жыныстық қатынас жолдары арқылы берілетін (шанкроид, шап гранулемасы, хламидиялық лимфогранулема) ауруларды жатқызады. Жыныс жолдары арқылы таралатын инфекциялар — жоғарыда аталған ауруларды қоса алғандағы бактериялық, вирустық, паразиттік, зең аурулары бар, барлығы 30-ға жуық басқа да ауруларды, соның ішінде ЖИТС ауруын да қамтитын анағұрлым кең ұғым.

3. Өзіңдегі ЖЖТИ ауруын қалайша анықтауға болады?

ЖЖТИ-ді дәрігерге қаралып, диагнозыңды растайтын зертханалық тексеруден өткен соң ғана анықтауға болады. Ауру белгілерінің болмауы ЖЖТИ ауруымен науқастанбағаныңды білдірмейді.

4. Жыныстық қатынасқа түсетін адамыңның науқас екенін қалай білуге болады?

ЖЖТИ-дің белгілері төмендегідей: жыныс жолдарынан бөлінетін іріңді немесе шырышты бөлінділердің бөлінуі, жыныстық органдар аймағында қышуы, жыныстық органдарда және ауыз қуысының шырышты қабығында ойық жаралардың немесе жалақтардың пайда болуы, жиі және ауырсынып несеп шығару, денеде бөртпе пайда болуы, лимфалық түйіндердің ұлғаюы. Дегенмен, ауру белгілерінің болмауы жыныстық қатынасқа түсетін адамының дені сау дегенді білдірмейді, себебі көптеген ЖЖТИ ауруларының белгілері аздап білінуі немесе ешқандай белгісіз болуы мүмкін.

5. Қандай ЖЖТИ-лар болады?

Барлық ЖЖТИ-лар әртүрлі микроағзалар арқылы туындайды, сондықтан бактериялық ЖЖТИ-лар (мерез, соз  ауруы, бактериалды вагиноз), жасушаіші қоздырғыштары арқылы таралатын ЖЖТИ-лар (хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз), вирусты ЖЖТИ-лар (АИТВ¬инфекциясы, жыныс ағзаларының ұшығы, цитомегаловирустық инфекция, контагиоздық ұлу, аногениталдықсүйелдер), паразиттік (ұма педикулезі), зең (кандидоз) аурулары болады.

6. Тұрғындардың неше пайызы ЖЖТИ-мен науқас?

ЖЖТИ айтарлықтай кең таралған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жер шарындағы әрбір алтыншы адамы жыныстық жолмен таралатын қандай да бір аурумен ауыратынын есептеп шығарған. Дегенмен, тұрғындардың орташа ортасына қарағанда ЖЖТИ-мен аурушаңдығы анағұрлым жиі кездесетін адамдар тобы бар (ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, жыныстық қатынас бизнесіне тартылған әйелдер, есірткі қолданушылар және т.б.). Жастар арасындағы ЖЖТИ деңгейі де анағұрлым жоғары.

7. ЖЖТИ-ға тексерілу үшін қайда өтініш білдірген жөн?

Тері-венерологиялық диспансерлерге немесе кабинеттерге, гинеколог немесе уролог дәрігерлерге қаралған жөн.  Тері-венерологиялық диспансерлерде ЖЖТИ-ге аты-жөнін көрсетпей тексерілетін кабинеттер бар.

8. Егер жыныстық қатынасқа түсетін адамын ешнәрсе мазаламаса да, неліктен онымен бірге емделу қажет?

Ауру жасырын жүрде өтуі мүмкін, бұл жағдайда адамды ешнәрсе мазаламайды, ол өзін дені сау адамдай сезінеді. Оның үстіне, мұндай жағдайда тіпті бір реттік зертханалық тексерілудің өзі де қоздырғышты анықтамауы мүмкін. Дегенмен, мұндай адамдар өздерінің жыныстық қатынасқа түсетін адамдары үшін инфекция көзі болып табылады да егер олар бірге емделмесе өздерінің жыныстық қатынасқа түсетін адамдарына ауруды қайта жұқтыруы мүмкін.

9. Егер венерологиялық аурумен науқастанған жағдайда оқуына, жұмыс орнына, ата-анасына хабарлана ма?

Егер адам венерологиялық аурумен (мерез, соз ауруы) науқастанған жағдайда оқу орнына да, жұмыс орнына да бұл ақпарат хабарланбайды. Бірақ мерезбен немесе соз ауруымен науқастанған адам толық емделгенінше балалар ұжымындағы қызметінен шеттетіледі. Егер венерологиялық аурумен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім науқастанған болса, ондай жағдайда емдеу мекемесі оның ата-анасына бұл туралы хабарлауға міндетті. Егер әңгіме мерез ауруы туралы болатын болса, онда науқаспен бір пәтерде тұрып жатқан отбасы мүшелері алдын алу ем-домын алуға міндетті.

10. Мүшеқап болмаған жағдайда ЖЖТИ-ден өзіңді қалайша тым болмаса шала-шарпы қорғауға болады?

Мұндай жағдайды болдырмаған абзал. Бірақ мүшеқап болған жағдайдың өзінде ол сырғып кетуі немесе жыртылуы мүмкін. Мұндай жағдайда орын алған оқиғадан кейін бірден гигиеналық шараларды жасау және тері мен шырышты қабықты залалсыздандырғыш ертінділермен (хлоргексидин, мирамистин, цидипол) жуып-шаю қажет. Сондай-ақ, қынап таблеткалары, тығындәрі және жақпамай түріндегі құрамында антисептикалық құралдары бар жаңа ұрпақ әйелдеріне арналған бала көтертпейтін дәрілердің (Фарматекс және т.б.) де венерологиялық ауруларға қарсы әсері бар .

11. Мерезбен ауырған болса, бала көтеруге бола ма, егер болатын болса, қашан?

Есептен алынғаннан соң жүкті болуға және бала тууға болады. Егер әйел мерез ауруымен есепте тұрған болса, онда оның жүктілігі уақытында жаңа туылған нәрестеде болуы мүмкін мерездің алдын алу мақсатында емдеу шаралары қолданылады.

12. Неліктен ЖЖТИ-мен ауырғаннан соң адамдар жиі бедеулікке ұшырайды?

Жатыр түтігіндегі ісіп қызару үдерісі оның тарылуына әкеп соқтырады, соның салдарынан ұрықтануы үшін қажетті ұрық жасушасы жатыр ішіне ене алмайды. Жатырдың шырышты қабығының (эндометрия) асқынуы барысында ұрықтанған ұрық жасушасы онда орныға алмайды да жүктіліктің одан әрі дамуы мүмкін болмайды. Жатырдың ісіп қызару үдерісінің салдары түсік тастауға, жатыр сырты жүктілігіне әкеп соқтырады. Ер адамдардың ЖЖТИ-мен ауруы ұрық шығару жолдарының тарылуымен түсіндірілетін белсіздікке әкеп соқтыруы мүмкін.

13. ЖЖТИ-мен ауырғаннан соң белсіз болып қалады деген рас па Правда?

Иә, егер ЖЖТИ қуықалды безінің (простатит) қабынуы арқылы асқынса. Простатиттің ұзақ, созылмалы түрде ұзақ болуы біртіндеп еркектік қауқарының әлсіреуіне әкеп соғады.

14. Мерезден емделуге бола ма; болса, одан қаншалықты ұзақ емделу керек?

Мерезді емдеуге болады, бірақ асқынған формалары барысында ішкі ағзаларда, жүйке, тірек-қимыл жүйесінде орны толмас,бүлдіруші салдарлар қалыптасуы мүмкін, сезім ағзалары (көру, есту) зақымдалады. Сондықтан мерез мүмкіндігінше ерте анықталып, емделуі қажет.

15. Егер мерезбен науқастанған жағдайда міндетті түрде ауруханада жатып емделу керек пе?

Қазіргі уақытта мерезбен науқас адамдардың 70%-ы амбулаториялық түрде емделуде, басқаша айтқанда күндізгі стационар жағдайында, бұл науқас күнделікті қажетті ем-домын қабылдағаннан соң ауруханада қалмай үйіне кететін емделу түрі.

16. Тұрмыстық мерезді қандай жағдайларда жұқтырып алу қаупі бар?

Мерезбен науқас адамдарда аурудың белгілері жыныс ағзаларында, еріннің қызыл жиегінде, ауыз қуысының шырышты қабығында жалақ жара, ойық жара, суланғыш бөртпе түрінде білінуі мүмкін. Мұндай науқастардан ауруды тұрмыстық жолмен — ортақ төсек-орын, сүлгі пайдаланғанда, сүйісу барысында, олардан кейін темекісін шегіп аяқтау кезінде, олардың ерін далабын қолданғанда, ортақ ыдыс (шыны-аяқ, стақан) пайдаланғанда жұқтырып алуға болады.

17. Молочница (сүтті өңез) деген не?

Молочница (кандидоз) — Кандид түрінің ашытқы тәріздес зеңі қоздыратын ауру. Ол өзінің атауын сүзбе сипатындағы бөлінділері үшін алған.

18. Менің досым (құрбым) молочницамен ауырады. Бұл оның менің көзіме шөп салды деген сөз бе?

Аурудың ЖЖТИ тобына жатқанымен, оның жыныстық қатынас нәтижесінде жұғуы тіпті де міндетті емес. Кандидозбен ауруға жүкті әйелдер, қант диабетімен науқас, антибиотиктер арқылы ем қабылдаған, имундық әрекетке қабілеттілігі төмен адамдар бейім болып келеді. Дегенмен, басқа да ЖЖТИ-лармен ауырған кездегідей бұл жағдайда да жыныстық қатынасқа түскен екі адам да тексерілуі, қажет жағдайда қатар емделулері де тиіс.

19. Ұшықты емдеп жазуға бола ма?

Жыныс ағзаларының ұшығы вирусты ЖЖТИ-лар қатарына жатқанымен, өкінішке орай, бүгінгі таңда жазылмайтын ауру болып табылады. Вирусқа қарсы тиімділігі жоғары заманауи дәрі-дәрмектер көмегінің арқасында аурудың белгілерін едәуір жеңілдетуге және асқыну кезеңін қысқартуға болады, бірақ вирустан ағзаны толықтай тазарту мүмкін емес, себебі сегізкөз жүйке бүгілісінде «қалғитын» ол қоздырғыш факторлардың әсерінен дүркін-дүркін асқынып отырады. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерден басқа ағзаның имундық әрекетке қабілеттілігін арттыратын дәрілерді қабылдау қажет.

20. Жыныстық қатынасқа түсетін тұрақты адамың болмаған жағдайда ЖЖТИ-ға қаншалықты жиі тексерілген жөн?

Бұл адамның жыныстық қатынасқа түсетін адамын қаншалықты жиі алмастыратынына байланысты.

21. АИТВ-дан сақтанумен салыстырғанда ЖЖТИ-дан сақтанудың қандай айтарлықтай айырмашылығы бар?

ЖЖТИ мен АИТВ инфекциясынан сақтану әдісі біркелкі, ең алдымен жыныстық қатынастың барлық түрлерінде мүшеқапты және инъекцияға арналған бір реттік шприцтерді пайдалану. Бірақ мерезбен науқастану кезінде жұқпалы бөртпе дененің мүшеқаппен жабылмайтын учаскелерінде (жыныс ағзаларының айналасы, айналшық, еріннің қызыл жиегі, ауыз қуысының шырышты қабығы) болуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

22. Ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түсу барысында ЖЖТИ-ды жұқтырып алуға бола ма?

Ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түсу барысында трихомонададан басқа барлық ЖЖТИ-ды жұқтырып алуға болады, себебі трихомонадалар ауыз қуысында құтаймайды. Сондықтан ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түсу барысында да мүшеқапты пайдалану қажет.

23. ЖЖТИ-ді «жылдам» емдеу әдістері бар ма?

Жедел создық уретритпен жаңа ауырған науқастар үшін бір реттік емдеу кестесі бар, бірақ аурудың асқынған жағдайларында, сондай-ақ созылмалы және баяу ағымдағы соз ауруын емдеуде мұндай емнің түрі жеткіліксіз. Соз инфекциясы жиі трихомонада, хламидиялық, уреаплазмалық немесе микоплазмалық инфекциялармен үйлесіп келеді. Мұндай жағдайда емнің қысқартылған түрлері толыққанды болмайды.

24. Неліктен хламидиядан құтылу қиын?

Хламидия жасуша ішінде паразиттік тіршілік ететін микроағзалар болып саналадаы, бұдан басқа, ол антибиотиктердің барлығына бірдей сезімтал емес. Хламидиозды емдеу жиі ұзақтығы жеткілікті болуын қажет ететін бір емес бірнеше емделу курсын қажет етеді (соз ауруын емдеу кезінде антибиотиктердің мөлшерлемесі азырақ). Терапияның табысты болуының міндетті шарты жыныстық қатынасқа түсетін адамдардың бірге тексеріліп, емделуі болып табылады.

25. ЖЖТИ-ден емделу кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жыныстық қатынасқа ЖЖТИ-ден толықтай емделіп болғаннан кейін және емнің аяқталғанын тексеру мақсатындағы зертханалық тексерілуден өткеннен соң ғана түсуге болады. Ем қоздырғыштардың жыныстық қатынасқа түсу барысында берілмеуінің алдын алмайды.

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте